• Қазақша
  • Русский

Шарттары

Байқау қатысушылары: қатысушылар жас санаттары бойынша екі топқа бөлінеді

  • Кіші топ - 6 жастан 11 жасқа дейін (01.07.2010 жылдан бастап 30.06.2016 жылға дейін туған балалар);
  • Жасөспірімдер тобы - 12 жастан 15 жасқа дейін (01.07.2006 жылдан 30.06.2010 жылға дейін туған балалар).

 

1-кезең (Іріктеу)

  • Жас орындаушылар дәстүрлі күйшілік мектептер арасынан өз бетінше таңдалған екі күйдің орындауын бейнежазбаға түсіріп, өзінің YouTube және Instagram парақшаларында жариялауы керек;
  • 2022 жылдың 10-31 қаңтар аралығында жас орындаушылар сайт парақшасындағы сауалнаманы толтыру қажет;
  • Сауалнамада міндетті түрде YouTube және Instagram парақшаларында жүктелген бейнежазбаның сілтемесін көрсету керек.

Ескерту:

  • Әр қатысушы бейнежазбаның басында «Домбыра-Дастан» жас домбырашылар байқауына арналған бейнежазба деген кіріспе сөзді айтуы міндетті;
  • Бейнежазбаның астына қатысушының аты-жөні, орындайтын күйлердің атауы мен авторлары жазылады. Қатысушы күйлердің атауларын ауызша айтса да болады;
  • Бейнежазба монтажсыз жазылуы тиіс (бір күйді орындап болысымен тоқтатып, келесі күйді жазуға болмайды, яғни бейнежазба бір дубльмен жазылуы керек);
  • Бейнежазбада артқы фонның жинақылығы мен қатысушы киімінің ұқыпты академиялық үлгіде болуы ескерілгені жөн;
  • Бейнежазба жарияланған парақша ашық болуы керек.

 

2-кезең (Жартылай финал)

Кіші және жасөспірімдер топтары үшін:

  • Бір төкпе күй;
  • Бір шертпе күй.

Бұл екі күй тізімде берілген дәстүрлі күйші-композиторлардың күйлерінен қатысушының қалауы бойынша таңдалады.

 

Төкпе күй дәстүрінің күйші-композиторлар тізімі:

  • Құрманғазы;
  • Сейтек;
  • Дәулеткерей;
  • Дина;
  • Қазанғап;
  • Мұрат Өскінбаев;
  • Шал Мырза;
  • Әлшекей.

 

Шертпе күй дәстүрінің күйші-композиторлар тізімі:

  • Байжігіт;
  • Тәттімбет;
  • Сүгір;
  • Дайрабай;
  • Төлеген;
  • Боранқұл;
  • Қыздарбек;
  • Қожеке.

2-кезең Алматы, Атырау, Астана және Шымкент қалаларының үздік концерттік залдарында офлайн-тыңдау форматында өтеді. Бұл айналымда сайыстың ақтық кезеңіне өтетін қатысушылар анықталады.

 

3-кезең (Финал)

Тыңдау нәтижелері бойынша қазылар алқасы финалистердің дайындық деңгейі біз ойлағаннан жоғары деген пікірге келді, сондықтан финалистерге арналған бағдарламаны өзгертті.

Күй тізімі төменде.

Кіші топ үшін:

1. Міндетті бір күй (төмендегі тізімнің ішінен таңдап алу керек):

  • Құрманғазы “Балбырауын”;
  • Құрманғазы “Адай”;
  • Дәулеткерей “Көроғлы”;
  • М. Өскенбаев “Жеңіс”.

2. Ерікті күй (өз қалауы бойынша 1 күй орындау керек).
 

Жасөспірімдер тобы үшін:

1. Міндетті бір күй (төмендегі тізімнің ішінен таңдап алу керек):

  • Құрманғазы “Серпер”;
  • Құрманғазы “Төремұрат”;
  • Түркеш “Байжұма”;
  • Жантөре “Шалқыма”;
  • М. Өскенбаев “Өрен”;
  • А. Жайымов “Еркін елім”.

2. Ерікті күй (өз қалауы бойынша 1 күй орындау керек).

3-кезеңде финалға өткен қатысушылар және Қазақстанның музыка мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткерлер өнер көрсететін гала-концерт өтеді.

Концерт қорытындысы бойынша екі топтың әрқайсысынан төрт жеңімпаздан анықталады.

ЕСКЕРТПЕ!

Қазылар алқасының шешімдері түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.

Қатысушылардың жіберілген бейнероликтері және тыңдау барысында түсірілген фото-видео материалдар Ұйымдастырушының әлеуметтік желілерінде, www.saby.kz және www.dombyradastan.kz сайтының парақтарында жайғастыруға құқылы.

«Домбыра-Дастан» байқауына қатысу арқылы Сіз жоғарыда көрсетілген ережелер мен талаптарға келісіміңізді автоматты түрде беріп отырсыз!