«Домбыра – Дастан» республикалық домбырашы балалар мен жасөспірімдер байқауының мақсаты – Қазақстанның маңызды имидждік жобасына айналу, қазақ халқының салт-дәстүрлеріне сүйене отырып, ұрпақтар сабақтастығын жүзеге асыратын құндылықтарды қалыптастыруға үлес қосу, ұлтты біріктіру, заманауи мәдениеттің жаңа форматтары мен олардың басты құндылығы – шығармашыл тұлғаның қалыптасуына жағдай жасау. Жоба әлемдік қауымдастық алдында Қазақстанды бірегей мәдениеті бар, даму мен жасампаздық үшін жағдайы жасалған ел ретінде мәдениетін насихаттауға бағытталған.
Байқаудың негізгі міндеттері:
- Ұлттық өнер жұлдыздарын ашу;
- Жас музыканттарды қолдау;
- ҚР дарынды балаларын анықтау;
- Қазақ ұлттық музыка мектебін дамыту және қолдау;
- Қазақстан азаматтарының қоғамдық өмірінің барлық салаларында мәдениеттің басымдылығына жәрдемдесу;
- Қазақтың халық өнерінің дәстүрлерін нығайту;
- Қазақстандағы орындаушы мектептер арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету;
- ҚР жас өрендері арасында ұлттық аспаптық музыканы насихаттау;
- Классикалық қазақ өнерін әлемдік қоғамдастыққа танымал ету.