• Қазақша
  • Русский

Сұрақ-Жауап

  1. 1

    Байқау қалай өтеді?

    «Домбыра-Дастан» байқауы үш кезеңде өтеді:

    • Бірінші кезең - онлайн форматта;
    • Екінші кезең - Қазақстанның 5 қаласында оффлайн-тыңдау форматында өтеді;
    • Үшінші кезеңде (яғни финалда) жас домбырашылармен бірге Қазақстанның музыка мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткерлерінің қатысуымен гала-концерт өтеді.
  2. 2

    Жас бойынша қалай іріктейсіздер?

    Сайыскерлер екі жас тобына бөлінеді:

    • Кіші топ – 6 жастан 11 жасқа дейін (01.07.2010 жылдан бастап 30.06.2016 жылға дейін туған балалар);
    • 12 жастан 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер тобы (01.07.2006 жылдан 30.06.2010 жылға дейін туған балалар).
  3. 3

    1 турға өтінімді қалай жіберуге болады?

    • Жас орындаушылар дәстүрлі күйшілік мектептер арасынан өз бетінше таңдалған екі күйдің орындауын бейнежазбаға түсіріп, өзінің YouTube және Instagram парақшаларында жариялауы керек;
    • 2022 жылдың 10-31 қаңтар аралығында жас орындаушылар сайтындағы өтінімді жіберу үшін сауалнаманы толтыру қажет;
    • Сауалнамада міндетті түрде YouTube және Instagram парақшаларында жүктелген бейнежазбаның сілтемесін көрсету керек.
  4. 4

    Бейнежазбаға қойылатын талаптар қандай?

    Әр қатысушы бейнежазбаның басында «Домбыра-Дастан» жас домбырашылар байқауына арналған бейнежазба деген кіріспе сөзді айтуға немесе жазуға міндетті.

    Бейнежазбаның астына қатысушының аты-жөні, орындайтын күйлердің атауы мен авторлары жазылуы немесе айтылуы тиіс.

    Бейнежазба монтажсыз жазылуы тиіс (бір күйді орындап болысымен тоқтатып, келесі күйді жазуға болмайды, яғни бейнежазба бір дубльмен жазылуы керек).

    Бейнежазбада артқы фонның жинақылығы, дыбыстың тазалығы мен қатысушы киімінің ұқыпты түрде болуы ескерілгені жөн.

  5. 5

    Мен топпен бірге қатыса аламын ба?

    Жоқ, сіз тек жеке түрде ғана қатыса аласыз.

  6. 6

    Қандай қалалардан қатысуға болады?

    Қазақстанның барлық өңірінен қатыса алады.

  7. 7

    Байқауға қатысу үшін кірісу жарналары бар ма?

    Жоқ. Байқау мүлдем тегін.

  8. 8

    Бейнежазбаның ұзақтығы қанша болуы керек?

    Бейнежазбаның уақыты қалағаныңызша болуы мүмкін, бастысы бір кадрда екі күй орындалу керек. Орташа алғанда 1 күй 2-3 минутқа созылады.

  9. 9

    40 000 000 теңге бір ғана жеңімпазға беріледі ме?

    Жоқ, 40 000 000 теңге ол жалпы жүлде қоры. Әр топқа (кіші: 6-11 жас аралығы және жасөспірімдер: 12-15 жас аралығы) 20 000 000 теңгеден беріледі.

    Әр топқа бөлінетін орындар:

    • Гран-при – 8 000 000
    • 1 орын – 6 000 000
    • 2 орын – 4 000 000
    • 3 орын – 2 000 000
  10. 10

    Екінші, үшінші кезеңдерге өтетін болсақ, дайындалу үшін күйлер алдын ала беріледі ме? Кезеңдер арасындағы уақыт қанша?

    Жақын арада 2-ші кезеңнің іріктеу критерийлері мен міндетті шығармалардың композиторларының тізімін жариялайтын боламыз.