• Қазақша
  • Русский

Ұйымдастырушы туралы

"«Сәби» жеке қайырымдылық қоры" коммерциялық емес ұйымы (saby.kz) 2002 жылы құрылған. Қор қызметінің негізгі бағыттары:

  • балалардың денсаулығы және олардың физикалық дамуы
  • білімнің қол жетімділігі мен руханилығы

Өзінің белсенділігін қоғамның ең қорғалмаған топтарына бағыттай отырып, «Сәби» қоры жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан дарынды балаларға, денсаулығы нашар балаларға, сондай-ақ негізгі мақсаттарының шекарасын кеңейте отырып, дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға көмек көрсетумен айналысады.

 

Қазіргі уақытта «Сәби» қоры он бағдарламаны жүзеге асырумен айналысуда:

  1. 1

    "Өркендеу" құрылыс жобасы

    Мақсаты ҚР балалар әлеуметтік мекемелерінде, оның ішінде ауруханаларда, балалар үйлерінде, мектеп-интернаттарда ғимараттар мен құрылыстар салу, үй-жайларды күрделі жөндеу, қайта жаңарту және жарақтандыру бойынша жұмыстарды жүргізу арқылы тұрмыстық жағдайларды жақсарту болып табылатын.

  2. 2

    «Мүгедектерге - лайықты өмір»

    Оның мақсаты мүгедектерді оңалту және қоғамға кіріктіру үшін жағдай жасау болып табылады.

  3. 3

    «Спорт – денсаулық – жетістіктер»

    Мақсаты мектепке дейінгі, кіші және жоғары мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесі болып табылатын.

  4. 4

    «Балаларға өмір сыйла» SMS жобасы

    Оның мақсаты Қазақстанда емделмейтін аурулардан зардап шегетін балаларды шетелдік клиникаларда емдеу және операцияларды қаржыландыруға қаражат жинау болып табылады.

  5. 5

    Білім беру бағдарламасы

    Мақсаты балалар үйінен шыққаннан кейін қазіргі қоғамда сәтті бейімделу үшін, балалар әлеуметтік мекемелерінің тәрбиеленушілеріне жағдай жасау болып табылатын.

  6. 6

    Медициналық жоба

    Мақсаты қазақстандықтарға медициналық қызмет көрсетуді жетілдіру болып табылатын, бірінші кезекте балаларға бағытталған.

  7. 7

    «Жасөспірімдер» бағдарламасы

    Мақсаты жасөспірімдер үйінің түлектерінің әлеуеметтік мәртебесін көтеру, оларға әлеуметтік атаулы көмек көрсету бойынша мақсатты іс-шаралар өткізу болып табылатын.

  8. 8

    «Әлем» - мақсаты зияткерлік және шығармашылық даму

    Өмірлік қалыптасу және әлеуметтік өзін-өзі іске асыру процесінде перспективалы және талантты жастарды (балалар мен жасөспірімдерді) қолдау болып табылатын жас дарындарды қолдау бағдарламасы.

  9. 9

    Экологиялық бағдарлама

    Оның негізгі бағыты Каспий итбалығының популяциясына кешенді зерттеулер жүргізу, популяцияны сақтау, зерттеу, өсіру және ветеринариялық сүйемелдеу жөніндегі жұмыстар болып табылады.

  10. 10

    Жоба «№174 мектеп-гимназия. Коучинг»

    Жобаның мақсаты №174 мектеп-гимназиясы оқушыларының негізгі және қосымша білім беру жүйесі арқылы тұлғалық өсуіне жағдай жасау, сондай-ақ оқушылардың ғылыми және шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады.