• Қазақша
  • Русский

Байқау туралы

«Домбыра-Дастан» жас домбырашылар байқауының мақсаты - Қазақстанның маңызды имидждік жобасына айналу, қазақтың үздік дәстүрлеріне сүйене отырып, ұрпақтар байланысын жүзеге асыратын, ұлтты ұйыстыратын, қазіргі заманғы мәдениеттің жаңа форматтары мен оның басты құндылығы-шығармашыл адамның дүниеге келу мүмкіндігін ашатын құндылықтарды қалыптастыруға ықпал ету. Жоба Қазақстанның мәдениетін бірегей мәдениеті бар ел, сондай-ақ прогресс пен жасампаздық үшін жағдай жасалған ел ретінде әлемдік қоғамдастықта ілгерілетуге арналған.

Байқаудың негізгі міндеттері:

  • ұлттық өнер жұлдыздарын ашу;
  • жас музыканттарды қолдау;
  • ҚР дарынды балаларын анықтау;
  • қазақ ұлттық музыка мектебін дамыту және қолдау;
  • Қазақстан азаматтарының қоғамдық өмірінің барлық салаларында мәдениеттің басымдығын ілгерілету;
  • қазақ халық өнерінің дәстүрлерін нығайту
  • Қазақстанның орындаушылық мектептері арасындағы мәдени-гуманитарлық өзара қарым-қатынастарды тереңдету;
  • ҚР ұрпақтары арасында ұлттық аспаптық музыканы дәріптеу;
  • әлемдік қоғамдастықта Қазақстанның классикалық өнерін дәріптеу.

 

Сроки реализации конкурса:

  1. 1

    Өтінімдерді қабылдау 10 қаңтар – 31 қаңтар

    Екінші турға өткен,
    байқаушыларды анықтау

    Мерзімі кейіннен жарияланады
  2. 2

    Офлайн тыңдау өткізіледі

    4 қалада (Алматы, Атырау, Астана, Шымкент) Мерзімі кейіннен жарияланады

    Финалистер тізімін жариялау Мерзімі кейіннен жарияланады

  3. 3

    Финал (Алматы)

    Мерзімі кейіннен жарияланады